Қоғам

«Жас флорист-2012» байқауы


 

Гүл фестиваліндегі әрбір туынды көркем шығарма іспеттес. Әрқайсысының айтар ойы, астары, мағынасы бар. Ең басты ерекшелігі- барлығы гүлден өрнектелген. Жаныңызды жадыратып, көңіліңізге шуақ сыйлайды. № 20 мектеп оқушылары Кәмила Ахметжан мен Қарлығаш Жаныбек аталмыш сынға алғаш рет қатысып отыр. Олар өздерінің жасаған туындыларын «Ассорти» деп атапты.

 Кәмила Ахметжан, № 20 қазақ орта мектебінің оқушысы:

-Мұнда өте көп гүлдерді қолдандық. Бұл астралар, розалар. Бұлар өте жақсы және әдемі гүлдер.

Шыдамдылық пен ерекше ой-өрісті талап ететін бұл сында әрбір қатысушыға тек қайшы мен гүлдер ғана берілді. Гүлден жасалған флористердің композициялары бірінен-бірі асып түседі.

Анна Лашкуль, №1 облыстық мектеп-интернат оқушысы:

Біз өз туындымызды «Закат» деп атадық. Композицияны жасауда біз «Рубит» гүлдерін қолдандық. Себебі, олардың әрбір жапырағы екі түсті бояумен бөлінген. Егер оның астарына үңілсек, одан күннің көзін және күн батар шақты көруге болады.

Қазіргі таңда жасөспірімдер флористикаға қызығушылық танытып отыр.  Болашақта олар осы іспен түбегейлі шұғылдануға құлшынулары да мүмкін дейді жас натуралистер станциясының директоры.

 Ғалым Темірбеков, жас натуралистер станциясының директоры:

-Қазіргі таңда станцияда 11  сыныпқа дейінгі балаларға қосымша білім беріледі. Мамандардың барлығы жоғары білімді ұстаздар.  

Ал жас флористерге арналған мұндай жарыс жылда ұйымдастырылып тұрады.

 Әсел Күшенғалиева