Ауыл шаруашылығы

«Тұқымда» астық мол

 

 

Ауа райының қолайсыздығы өңір диқандарын абыржытып тастады. Алайда “Тұқым” серіктестігіндегілер қуаңшылық деп қарап отырған жоқ. Егіс науқанында бейқамдық танытпаған олар  алқаптарында ылғал сақтау технологиясын қолданған. Атап айтқанда, Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, теңіз балдырларын қолданыпты.

  Евгений Дубов, «Тұқым» ЖШС бас агрономы:

-«Тұқым» ЖШС-і элиталық бидайдың 5 түрін өсіріп, сатады. Алдағы уақытта жаңа сұрыптарын егуді жоспарлап отырмыз. Жылына 5 мың тонна астық жинап, оны өзіміздің элеваторда кептіріп, сақтаймыз. Тұқымымыз сұранысқа ие.

Агроқұрылым 21 мың 332 гектар жерге дән сіңірген. Биыл астықтың орташа шығымдылығы гектарынан 30 центнерден айналады деп жоспарлануда.

  Талғат Оқаев, «Тұқым» ЖШС бас директоры:

-Ғалымдардың сөзінен, көпжылдық тәжірбиеге жүгінген жөн. Өйткені, жерді сезініп, оған мейлінше күтім жасау керек. Шынайы тер төккендер ғана табысқа кенеледі.

Ылғал сақтау технологиясын мейлінше пайдаланған диқандар биыл да қуаңшылыққа қарамай, мол астық алуға дәмелі.
 

Гүлмира Шоқтыбаева