Энергетика

ЖЭО-2 жабдықтарын жаңартуда

 

 

 

Бұл мақсатқа соңғы үш жылда кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде 9 млрд. теңгеден артық қаражат жұмсалған. Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2015 жылға қарай орталықтағы тозығы жеткен қондырғылар 35-40 пайызға жаңартылмақ. Сөйтіп, электр энергиясын өндіретін кәсіпорынның қуаттылығы 347 МВт-тан 435-ке дейін артады деп күтілуде. Әрі атмосфераға шығарылатын зиянды заттар төмендейді деп отыр мамандар. Орталықтан жылына шығарылатын күл 26 мың тоннадан 6 мыңға дейін кемімек.
Нелла Бабакехян, ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің СҚО бойынша департаменті директорының орынбасары:
-Жылу-электр орталығының жұмысына облысымыздың экономикалық-әлеуметтік саласы тәуелді. Сондықтан кәсіпорындағы қондырғыларды қазіргі заманғы жаңаларына ауыстырудың маңызы үлкен. Орталықтағы қондырғылар техникалық талаптарға тиісінше сай келсе, тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасы да жақсарады.

Айымгүл Әбілева