Қылмыс

Бұзақылар қолхатпен босатылды

 

 

«Аквапарк» маңында төбелес шыққаны жөнінде хабар келіп түскеннен кейін бірден оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері екі жас жігітті ұстаған. Тәртіп сақшылары келгенше сезіктілер саябақта төселген кеспе тас пен шамдарды қиратып үлгерген. Кейін анықталғандай, күдіктілер ішімдікке қызып алып, төбелесіп қалған. Бір-бірімен жанжалдасқан жігіттер мемлекеттік мүлікті қиратып жатырмыз деп ойламаса керек. Мүсіншілер мен суретшілердің еңбектерін қиратып, біраз шығын келтірген бұзақылар мас болдық деп ақталуда. Қазіргі кезде тәртіп бұзғандар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Полицейлер оларды жауапқа тарту мәселесін шешу үстінде.

Әспет Әбдірешова