Спорт

Лондон Олимпиадасы аяқталды

 

 

 

Ел қоржынына бірінші алтын медальды жерлесіміз, велошабандоз Александр Винокуров салды. Одан кейін ауыр атлетшілер ерлеп, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова мен Илья Ильин 4 алтын медаль еншіледі. Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова да алтыннан алқа тағынды. Бұдан кейін грек-рим күресінің палуаны Даниял Гаджиев жақсы өнер көрсетіп, қола медальға ие болды. Сондай-ақ қолаға боксшылар Марина Вольнова мен Иван Дычко, палуан Гюзель Манюрова қол жеткізді. Тұманды Альбиондағы доданың соңғы күнінде 66 келі салмақ дәрежесінде еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаров қола медальды жеңіп алды. Бұл күні боксшы Әділбек Ниязымбетов 81 келі салмақ дәрежесінде күміс медальға ие болса, ел қоржынына соңғы жетінші алтын медальды Серік Сәпиев салды. Бұған қоса боксшы ең үздік техникасы үшін Вэл Баркердің кубогын иеленді. Сөйтіп, қорытынды есепте қазақ елінің құрамасы он екінші орынға жайғасты. Бірінші орында АҚШ, одан кейін Қытай және үшінші орынға Ұлыбритания тұрақтады.

Айымгүл Әбілева