Мәдениет

Алматылықтардың орталық алаңдағы концерті

 

 

Сахна төрінде елімізге танымал эстрада жұлдыздары ән айтып, солтүстікқазақстандықтарды өнерлерімен тәнтті етті. Алматы мәдени күндерінің соңы “Достық” алаңында жастардың би кешімен жалғасты. Сахнада бірінші болып “Бакарди” тобы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ән айтты. «Луна», «Лабиринт», «Стоп не надо»  әндерін Луина солтүстікқазақстандықтарға тарту етті. Әншінің Петропавлға ат басын бұруы алғаш рет. Біздің өңірдің ұнағанын Луина жасырмады

  Луина:
– Мен Қазақстанның көптеген қалаларында болдым. Әр өңірден алған әсерім әр түрлі. Маған солтүстік өңір ұнады. Дарынды жастар да көп.

Сахна төрінде «Индиго», «КешЮ», «Ринго» топтарымен бірге еліміздің танымал жұлдыздары Нұржан Керменбаев пен Ерболат Құдайбергенов те ән шырқады.

«Ринго» тобы:
Біз Петропавлда алғаш рет емеспіз. Бізге бұл өңір қатты ұнайды. Қала өте таза. Адамдары өте мейрімді екен.

Қазақ эстрада жұлдыздары бірнеше сағат бойы петропавлдықтар мен қонақтарды тартымды әндері және билерімен қуантты. Көрермендер әншілерді қошеметтеп, кештен ерекше әсер алғандарын жасырмады.

Бүгін алматылықтарды қарсы алып жатырмыз. Көңіл күйіміз өте жақсы.
Бүгінгі кештің ұйымдастырылуы өте орынды деп ойламын. Біз Алматының мәдениетімен танысып, әншілердің әнін тыңдап жақсы әсер алудамыз. Осындай кешті ұйымдастырғандарға рақмет.  
 
Алматының мәдениеті күндері от шашумен аяқталды.

Гүлбану Ахметова