Қылмыс

Зейнеткердің өліміне күдіктілер ұсталды



 

Осы іске қатысы бар деген 22 жасар қала тұрғыны мен 17 жасар күдікті Вагулино селосынан құрықталды. Естеріңізге сала кетейік, өткен дүйсенбі күні полиция бөлімшесіне Батыр Баян көшесіндегі жер үйлердің бірінде 77 жасар зейнеткердің қанға боялған мүрдесі табылды деген суық хабар түскен болатын. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары қара түсті «DEOWOO Matiz» жеңіл көлігімен екі орындық скутердің ұрланғанын анықтады. Жедел іздестіру шарасының арқасында көліктер қала гараждарының бірінде табылды. Тергеу барысында анықталғандай,сезіктілердің бірі қариямен бұрын таныс болған, өйткені өгей шешесі сол қарияның немересі екен.  22-жасар қаныпезердің айтуынша, ол зейнеткерден өшін алу үшін машинасы мен скутерін ұрлап әкетпекші болған. Күн бата жәбірленушінің үйіне келіп, арам ойын іске асырмақ болғанда, қарияны аулада кездестірген. Ол полицейлерге зейнеткерді жалғыз өзі өлтіргенін айтуда. Ал бұл кезде немере інісі үй сыртында болған. Әзірге бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде

 Әсел Күшенғалиева