Мәдениет

Петропавлда Алматы қаласының мәдени күндері басталды


 

Елбасының тапсырмасымен үстіміздегі жыл Қазақстанда Алматы қаласының мәдени жылы деп жарияланған болатын. Соның аясында өңірімізге арнайы бағдарламамен  өнер саласының 74 маманы, оның ішінде 65 әртіс келді.

 Айнұр Баженова, Алматы қаласының мәдениет басқармасының бас маманы:
– Бұл бағдарлама үлкен бастаумен, үлкен негізбен келіп отыр. Алматы қаласының мәдениет басқармасының, Алматы қаласының әкімшілігінің ұйымдастыруымен СҚО-де екі күндік Алматы күндерін өткізу ұйғарылды. Бұл жерде біз мүмкіндігінше, барлық өнер саласындағы бағыттарды алып келу мүмкін емес, сондықтан біз хореогарфия, опералық жанр, фольклорлық жанр, эстрада жанрларын сіздердің жұрттарыңызға ұнайтындай етіп біріктіруге тырыстық.

Алматы – елдегі мәдени өмірі қайнаған орда. Өйткені онда негізгі тарихи-мәдени әлеуетті 18 театр, 50 мұражай мен 22 концерттік ұйымдары, цирк, зоопарк, республикалық және қалалық 32 кітапхана бар. Бұған дейін екі күн Қостанайда осындай сапармен болған меймандар ондағы халықтың да өздерін жақсы қарсы алғандарын айтады.

Бағдат Сәмединова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
– Бүгін Ғабит ағамыздың, Сәбит ағамыздың елінде болып отырмыз. Болашаққа, жастарға сенемін деп кеткен Мағжан ағамыздың елінде отырмыз. Қуанамыз осы жақтан бастағанына.
Соның ішінде өзімнің қатысып отырғаныма да қатты қуанамын.

СҚО-дағы Алматы қаласының мәдени күндеріне арналған гала-концерт сағат 23-00 мерекелік отшашумен аяқталады деп күтілуде.

Әспет Әбдірешова