Құқық қорғау органдары

Оқушылар жол полициясында қонақта болды

 

 

Былтырғымен салыстырғанда  жол-көлік апатының саны  29-ға көбейген. Қайғылы жағдайда қаза тапқандардың саны азайғанымен, жарақат алғандар артып отыр. Тәртіп сақшылары жолда жүру ережелерін бұзу фактілерін алдын алу мақсатында жаз мезгілінде демалысқа шыққан мектеп оқушылары және балабақша тәрбиеленушілерін облыстық жол полициясы басқармасының мұрайжайын аралатты. Мұнда жасөспірімдер жолда жүру белгілерімен танысып, біраз мағлұмат алды.

 Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД жол полициясы басқармасының инспекторы:
-Негізгі мақсатымыз мына белгілерді барынша түсіндіру. Қазір жазғы уақытта балалар көбіне далада жүреді, сондықтан да олар жолда жүру ережелерін білгені жақсы. Бұл балалар жол апатына түспеу үшін алдын ала жүргізіп жатқан шара.

Біздің өңірде алғаш рет жеңіл автокөліктер осыдан 120 жыл бұрын пайда болыпты. Ол кезде мұндай темір тұлпарларды губернаторлар ғана жүргізіпті. Мұражайда бұрынғы кезде тәртіп сақшылары мінген «Москвич» автокөлігі мен «ВNW» маркалі мотоцикл де бар.

– Маған мұражай өте ұнады. Мұнда жолда жүру ережесіне қатысты көптеген мәлімет алдым. Белгілер де көп.
– Біз мұнда алғашқы тәртіп сақшыларының көлігін көрдік. Мен жолда жүру қағидаларын білемін. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда және жаяу жүргіншіге арналған белгі бар жерден өту керек. Ең бастысы сақ болған жөн.

Мұражайды аралап болғаннан кейін балалар «Оңтүстік» жол полициясы бекетінің жұмысымен танысты. Үш бірдей жол сақшысы ереже бұзған автокөлік жүргізушілерін кезекпен тоқтатуда. Одан кейін балалар бейнебақылаудың қаншалықты жұмысты жеңілдетенін, бағдаршам істемей қалғанда полицейлердің жолда тұрып машиналарды қалай бағыттайтынын көрді.

 Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД жол полициясы басқармасының инспекторы:
-Әр апта сайын “Прогресс” тур агенствосымен бірлесіп осындай шаралар өткізіп жатырмыз. Статистика бойынша көбіне автокөлік иелері кәнілі болып отыр.

Облыс бойынша ағымдағы жылы жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқан бүлдіршіндер жоқ. Ал қалада жарақат алған балалардың саны 19. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында үш күндік “Ауыл жолы” жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылып отыр.

Гүлбану Ахметова