Мәдениет

Кітапханашылар жиыны


 

Кітапханашыларға арналған мұндай семинар облысымыздың барлық аудандарында өткізілген. Кезекте тек Ғ.Мүсірепов ауданы қалыпты. Жыл басынан бері 12-ші рет өткізіліп отырған семинар «Селолық кітапхана: бейнесі, түрі, беделі» тақырыбын қамтыды.

 Бақытжан Сәкиева, Қызылжар аудандық кітапханасының кітапханышысы:

– Үш клубымыз бар. «Сударушка», «Нұр» және «Вит». Оқырмандарды демалуға, бос уақыттарын дұрыс пайдалып, кітап оқып мәденитті демалуға тартамыз. «Нұр» клубының жетекшісімін, мұнда қазақша дәстүрді жаңғыртуға арналған жұмыстарды атқарамыз. )

М.Жұмабаев ауданындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі – өңіріміздегі ең үздік, қоры әдебиетке бай мекемелердің бірі болып саналады. Қазір қордағы кітап саны 430 мыңға жеткен. Кітапхана ұжымы оқырмандарды тарту үшін түрлі байқаулар өткізіп тұрады екен.

 Айсапар Көшкенбаева,  М.Жұмабаев аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры:

– М.Жұмабаев ауданында орналасқан «Березка» балалар лагерінде Астана күніне арналған «Библиошоу» деген іс-шара ұйымдастырды. Сонымен бірге, «Жазғы саябақ» деген оқу залы ретінде іс-шара жүргізіп жатырмыз. Оқушыларымыз жаз кезінде кітапханаға келіп, саябақта отырып, білімдерін толықтырып жатыр.  

Мұндай кездесулер кітапхана жүйесінің өзекті мәселелерін шешуде маңызды.

 Бейбітгүл Әбілмәжінова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана директоры:

– Бүгінгі таңда біздің басты мәселеміз шешілді. Бұл – барлық кітапханаларды орталықтандыру мәселесі болып табылатын. Қазіргі таңда 13 кітапхана үйлері осы жүйеге көшірілді.

Облыста барлығы 320 кітапхана мекемелері бар. Бүгінгі таңда кітап үйлерін толықтай байланыс жүйесіне қосу, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бірнеше аудандарда модельді кітапхана жүйелерін құру жұмыстары атқарылып жатыр.

Әсел Күшенғалиева