Қылмыс

Зейнеткерді өлтіріп, үйін тонаған қылмыскерлер іздестірілуде

 

 

Қаза тапқан зейнеткер салауатты өмір салтын ұстанып, үй шаруашылығымен айналысқан. Қанды оқиға орнын тексеру барысында қара түсті «DEOWOO Matiz» жеңіл көлігі мен екіорындық скутердің ұрланғаны анықталды. Үйдегі зергерлік бұйымдар, газ тапаншасы да қолды болған. Қазір бөтеннің мүлкін олжалау үшін қолдарын адам қанымен былғаған күдіктілерді жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Полицейлер қылмысқа қатысы бар қандай да бір ақпарат бере алатын азаматтарды   39-48-33, 49-36-85 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды. Қылмыстың бетін ашуға септескен азаматтар туралы мәлімет құпиялылығы сақталатынына кепілдік беріліп,  сыйақы тағайындалады.

Жеңіс Ермұқанов