Спорт

Республикалық веложарыс басталды

Жерлес спортшылардың құрметіне арналған республикалық жарысқа қатысушылар әуежайға бұрылатын тас жолда сап түзеді. Қайрат Ғаділбек бұл спорт түрімен 2 жыл қатарынан айналысып келеді. Ол аталмыш додада жеңісті қолдан жібермей, биік тұғырдан көрінуге тырысамын дейді.

 Қайрат Ғаділбек, велошабандоз, Астана қаласы:

 

-Велоспорт өзімнің өміріммен байланысты деп ойлаймын. Себебі бұл спортта шыдамдылық керек. Александр Винокуров, Альберто Кантадор, Марк Кэвиндиш сияқты спортшылардың жеңісін қайталағым келеді.  

Жарыстың алғашқы күні велошабандоздар 10 км арақашықтықты бағындырулары тиіс. Ал үздік көрсеткішке қол жеткізген спортшыларға “Basis” үкіметтік емес ұйымының “Ресурстық орталық” қоғамдық бірлестігі сертификат табыстады. Осындай алғысқа ие болғандардың бірі – Александр Сергеев.

 Александр Сергеев, велошабандоз, Қарағанды қаласы:

– Бұл спортқа 2 жыл бұрын келдім. Осы жарыста үздік көрсеткішке қол жеткіземін деп ойлаймын.  

Дүбірлі доданың жарыс жолына республикамыздың 11 қаласынан 113 спортшы шығуда. Бірі берілген арақашықты бағындырып жатса, екіншілері арнайы құрылғыда жаттығуда.

 Владимир Парахин, велоспорттан олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

– Бұл жолғы дода спорт саласында бірқатар жетістіктерге жеткен спорт шебері, өз заманында КСРО құрамасына кірген Алексей Мартыновичті еске алуға арналып отыр. Сонымен қатар Лондондағы 30-шы жазғы Олимпиадада ел қоржынына алғаш медаль салған Александр Винокуровтың жеңісіне орай ұйымдыстырылды.  

Алда спортшылар үшін командалық жүріп өту сыны тұр. Ал тамыз айының 12-ші жұлдызы велошабандоздар жарыстың критериум түрі бойынша өзара мықтыларды анықтамақ.

Әсел Күшенғалиева