Мәдениет

Петропавлда халықаралық сұлулық және сән фестивалі өтеді

 

 

Сәнгерлер мен дизайнерлердің көрсетілімдері, шеберлік сыныптары, стилистер мен шаштараздар шоуы, киім сату жәрмеңкесі, түрлі қолөнер көрмелері. Мұның бәрі аталмыш фестиваль барысында көрініс табатын болады. Халықаралық фестиваль облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр екен.

 Гүлнар Жансарина, «Хикаят» сән үйінің сәнгері:
– Фестивальда біз өзіміздің сән үйімізді таныстыратын боламыз. Басқа қалалардан келген қонақтар да өз сән үлгілерінің көрсетілімін жасайды. Бұл фестивальді кез-келген адам келіп тамашалай алады.

Сонымен қатар фестиваль барысында «Проект подиум» сайысына түскен дизайнерлер мен сәнгерлердің арасынан мықтылары анықталады. Бұл шарада балалар да назардан тыс қалмайды. Олар үшін арнайы байқаулар ұйымдастырылып, мәдени шаралар өтеді. Сәнгер Гүлнар Жансарина солтүстікқазақстандықтар назарына өзінің жасап шығарған жаңа киім үлгілерін ұсынбақ. Фестиваль үш күнге жалғасады. «Түркістан» ойын-сауық орталығында өтетін шараға келемін деушілер үшін есік ашық.

 

Әспет Әбдірешова