Мәдениет

Шағын сәулет нысандары қала көркіне айналды


 

Рафиз Хафизовтың мүсін жасаумен айналысып жүргеніне 10 жылдың жүзі болыпты. Жуырда ғана ұста Қазақстан Конституциясы көшесінде 3 мүсін орнатқан. Айдахар, тауыс және астролябия туындылары өтіп бара жатқандардың қызығушылығын тудыруда. Тоқтап, суретке түсетін жандарды да жиі кездестіруге болады.

 – Өңіріміздің ұсталары жасағаны қуантады. Мына айдахар өте ерекше. Анау тұрған тауыстың да мүсінін қазір қызыммен көреміз. Енді мұндай мүсіндерді ағаштан жасаса деген ойым бар.
– Біз әпкем екеуміз серуендеп жүрген болатынбыз. Мына мүсіндерге көзіміз түсті. Екеуміз де осы туындылардың қасында суретке түстік.
Бізге ұнады.  

Бұл мүсіндер ұстаның алғашқы туындылары емес. Осыған дейін қалада орнатылған көптегін туындылардың идеясы Рафиз Хафизовтікі. Туындылары жасауда шебердің негізгі пайдаланатын материалы – металл. Темірден соғып,  көздеген дүниені жасау үшін көп уақыт және тер төгу керек дейді ұста. Жуық арада шебердің қиялынан туған тағы бір мүсін  Қазақстан Конституциясы көшесіндегі су бұрқақтың маңына көрік бермек. Ұзындығы 2,5 метр, салмағы 100 келілік кемені жасау үшін ұстаға 2 ай қажет болыпты. Енді мұны тиісті орнына қою ғана қалды дейді Рафиз Хафизов.

 

Гүлбану Ахметова