Денсаулық сақтау

“Саламатты Қазақстан” бағдарламасының №3 емханадағы көрінісі


 

Елімізде азаматтардың денсаулығына үлкен мән беріліп келеді. Бұл бағытта жыл сайын қомақты қаржы бөлініп, ауыз толтырып айтарлықтай шаруа атқарылып жатыр. Үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап, бұрын 50% жеңілдікпен сатылып жүрген дәрілер енді диспансерлік есепте тұрған жандарға тегін таратылуда.

Әлия Тәшетова, №3 қалалық емхананың бас дәрігері:
-Былтырғы жылдары артериалдық гипертония, стенокардия, бронхиалдық астма деген аурулар, өкпенің ұзаққа созылған ауруларын емдеуге арналған дәрілер тек 50% жеңілдікпен берілетін болса, биылғы жылы 100% тегін бағамен беріледі. Диспансерлік есепте тұратындарға біз тегін береміз дәрілерді. Дәрілер 1 ай өлшемінде беріледі.   

Эльмира Атькова артериалдық гипертония дертінен зардап шегуде. Азаматша осы жылдан бастап бұл емханаға ай сайын тексерілуге келеді екен. Дәрігердің бақылауында болып, қажетті дәріні жаздыртып жүр. Есесіне бүгіндері жерлесіміздің қан қысымы қалыпқа келіп, жағдайы біршама жақсарған көрінеді.

 Эльмира Атькова:
-Ай сайын дәрігердің көмегіне жүгінемін. Менің қан қысымымды өлшеп, денсаулығымды тексеріп отырады. Осыған сәйкес рецепт жазып береді. Дәрі-дәрмекті осы емханадағы дәріханадан тегін аламын. Бұл, әрине үлкен көмек. Сондықтан мемлекет басшысына, үкіметке деген алғысым шексіз.  

Маусым айынан бастап тегін дәрілер электрондық рецепт бойынша беріледі. Яғни барлығы компьютерлендірілген. Бұл бар істі жеңілдетіп отыр дейді, дәрігерлер. Айтап айтсақ, тегін дәріні алу үшін  ұзын-сонар кезектер біршама қысқарған.

 Дина Ақылбаева, № 3 қалалық емхананың учаскелік терапевт-дәрігері:
-Рецептерді компьютерден шығарып, оларға тез, жедел түрде жеткізіп беруге мүмкіндік бар. Науқас келеді, кезекте ұзақ отырмай біз компьютерден шығарып беріп, осы біздің поликлиниканың бірінші қабатындағы дәріханадан дәрілерін алып кетеді.
 

Тегін берілетін дәрілердің тізбесі мен оларды қай дәріханадан алуға болатындығы жайлы ақпарат арнайы стендте көрсетілген.

Айдана Демесінова