Спорт

Олимпиада-2012 күнделігі

 

 

Қазақстан қоржынында, әзірге, велошабандоз Александр Винокуров пен ауыр атлет Зульфия Чиншанло жеңіп алған екі алтын алқа бар. Ресей командасы 2 алтын және 3 қола медальмен  қанжығасына 2 алтын және 1 қоланы байлаған Солтүстік Корея құрамасын ығыстырып, турнир кестесінде 14-ші орыннан 6-шы орынға көтерілді.
Олимпиада ойындарының көшбасында Қытай елінің спортшылары. Олар 7 алтын және 3 қола медаль ұтып алды. Турнир кестесінде қытайлықтардан кейін АҚШ, Италия, Франция және Оңтүстік Корея елдерінің құрамалары жайғасты.

Данаш Хамзина