Қоғам

Еңбекті дәріптеген кітап көрмесі



 

Көрмеге 100-ге жақын қоғамдық-саяси , ғылыми, әдеби материалдар орналастырылған. Барлығында адамгершілік қасиеттер мен еңбек жолы жайлы жазылыпты. Көрменің бастапқы бөлігінен Елбасы қойған міндеттерді оқуға болады. Мұнда еңбек қана барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты мен жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады делінген. Жұртшылық назарына таза еңбектің арқасында табысқа жеткен белгілі өңір тұлғалары туралы кітаптар ұсынылыпты. “Асыл мұра” орталығының жетекшісі Таңат Сүгірбаев – С. Мұқанов атындағы кітапхананың тұрақты оқырманы. Күнделікті болып жатқан маңызды саяси оқиғалар жайлы осында жиі келіп, оқып тұрады екен. Таңат Сүгірбаев Елбасы мақаласын қолына қалам алып, маңызды жерлерін түртіп, мұқият оқып шыққан. Түйген ойы – “еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”. Оқырман қауым көрмені жыл соңына дейін тамашалай алады.

 Данаш Хамзина