Спорт

Зульфия Чиншанло елімізге екінші алтынды алып берді

 

 

Спортшыны үлкен жеңісімен жеделхат арқылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни бұл олимпиадалық алтын медаль мен жаңа әлемдік рекордтың еліміз және алдағы спорттық жетістіктер үшін маңызын атап өтті. Ал Зульфия Чиншанло өзі болса, ең асқақ арманының орындалғанына қуанышты” – деп хабарлайды sports.kz.

Зульфия Чиншанло, Олимпиада жеңімпазы:
– Мен барлық қазақстандықтарға рақмет айтым келеді, Президентке –  рақмет! Маған бәрі түс сияқты, әлі сене алмай жүрмін.

 

Айымгүл Әбілева