Денсаулық сақтау

«Үй дәрігері» Петропавлда

Ресейдің Елатом медициналық құрылғылар зауытының Қазақстан нарығына шыққанына 10 жыл болды. Сол уақыттан бері емдеу құрылғылары ауыруды басу және қалыпқа келтіру жағынан адамдардың көңілінен шығып, қазір үлкен сұраныста. “Еламед-kz” компаниясының өкілі Сергей Примаковтың айтуынша «Үй дәрігері» сериясының құралдары тірек-қимыл аппараты мен тамыр жүйесі, құлақ, мұрын және жыныс мүшелерін, түрлі жарақаттарды, күйіктерді жақсы жазады екен. Емделу курсы шамамен 18-20 күн. Осылардың ішіндегі ең мықтысы «Теплон» аппараты.
 
Сергей Примаков, “Еламед-kz” ЖШС ҚР бойынша даму және сауда бөлімінің жетекшісі:

Теплон» аппараты кешенді жылу терапиясына арналған. Бұл 7 бөлімнен тұрады. Ринит, гайморит, тонзиллит, отитті емдейді. Сондай-ақ, қыздыратын 4 элемент-пластиналар тыныс алу мүшелері қабынғанда және буындар сырқырағанда қолданылады.

«Алмаг» құрылғысы да қуаттылығы жағынан «Теплоннан» кем емес. Магниттік терапия арқылы бірқатар аурудың бетін қайтаруға болады.

Сергей Примаков, “Еламед-kz” ЖШС ҚР бойынша даму және сауда бөлімінің жетекшісі:

– Магниттік терапия құрылғысына «Мегафон» мен «Алмаг» жатады. «Алмаг-01» аппараты қуатты әрі тиімді. Гипертония, невралгия және асқазан ауруларын емдейді, диабет пен варикозға қарсы пайдаланылады.

Ал  «Мавит» ер адамның жыныс мүшелерін емдеуге қолданылады.

Сергей Примаков, “Еламед-kz” ЖШС ҚР бойынша даму және сауда бөлімінің жетекшісі:

– Барлық аппараттар ыңғайлы. Бұлармен тек емдеп қана қоймай, аурудың алдын алуға болады. Қосымша қолданылу мәліметі жазылған нұсқама кітапша беріледі. Онда бәрі түсінікті жазылған.

Барлық тауарлар зауыт бағасымен сатылуда. Көрме шілденің 26 -29-ы аралығында ғана жұмыс істейді. Елатом   құрылғыларын Конституция көшесіндегі екінші үйде орналасқан “Сердечная” дәріханасында алуға болады.

Данаш Хамзина