Спорт

Шаңғышылардың жазғы жарысы

 

 

Инеш Жамұқованың жүгірумен айналысқанына 2 жыл болған. Желмен жарысқан спортшы бірнеше додаларға қатысып, қалалық, облыстық сайыстардың жүлдегері атанған. Бүгін ол өзіне берілген 4 км арақашықтықты 19 минут 8 секундта бағындырды.

Инеш Жамұқова, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Бұған дейін біз жинақтау сынынан өттік. Бүгінгі кросс жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Жақсы нәтиже көрсетіп, республикалық жарыстарда үлкен жетістіктерге жетуге тырысамын.

Додаға Қызылжар, Мамлют, Аққайың, Есіл, Шал ақын және Петропавл қаласының 75 желаяғы қатысуда. Олар жастарына қарай 3 топқа бөлініп, бақтарын сынайды. Жоғары топтағы ұлдар – 6, қыздар 4 шақырымды бағындырады. Ал кіші топтағы желаяқтар 2 км жүгіруі тиіс.

Александр Васильев, бас төреші:

– Бұл жарыстан үздік нәтиже көрсеткендер Павлодар қаласында өтетін республикалық бірншілікке жолдама алады. Қазіргі таңда дөңгелек шаңғы жарысы солтүстік өңірде жаңа дамып келе жатыр. Сондықтан үлкен нәтижеге қол жеткіземіз деп ойламаймын. Дегенмен тырысып көреміз.

Алдағы уақытта спортшылар доңғалақты шаңғы жарысынан өзара бақтарын сынайды.

Әсел Күшенғалиева