Бизнес және экономика

Облыста нан қымбаттамайды

 

 

Облыста нан өндіретін негізгі доминант кәсіпорын –  Петропавл нан-тоқаш комбинаты. Нарықтағы үлесі 88 пайыз. Қазіргі күні комбинат бірінші сұрыпты ұннан дайындалған нанды кәсіпкерлерге 41 теңгеден сатуда. Бұл баға 2010 жылы бекітілген. Сол уақыттан бері нанның бағасы қымбаттамапты.

 Арман Өтегенов, СҚО бойынша монополияға қарсы инспекция бастығы:
-Смета бойынша ең негізгі шығындар – бұл бидай – 18 пайыз, мазут – 6 пайыз және өзге де әкімшілік шығындар.

Нан бағасы биылғы астықты жинап алғанша да көтерілмейді деп отыр инспекциядағылар. Халық тұтынатын ең басты тағамның бағасын өсіруге еш негіз жоқ.

Арман Өтегенов, СҚО бойынша монополияға қарсы инспекция бастығы:
– Комбинат қорында өткен жылғы бидай бар. Ол қыркүйек айының ортасына дейін жетеді. Сондықтан бағаны өсіруге негіз жоқ
.

Ал кәсіпкерлердің нан бағасын негізсіз көтермеуін инспекция мамандары қатаң бақылап отырмақ.

Айымгүл Әбілева