Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Сыбаға» бағдарламасы бизнестің бастамаларын қолдайды

 

 

 

Зафар Мұзаффаров өткен жылы өз қаражатына 30 бас ірі қара сатып алған екен. Ісі өрге домалаған азамат «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасымен жіті танысып, оған қатысуға ниеттеніпті.

Зафар Мұзаффаров, «Зафар» ЖК директоры, Қызылжар ауданы:
– Сәуір айында өтініш жазғанмын. Ал мамырдың 13-і бұл сұраныс қанағаттандырылып, мемлекеттің қолдауына ие болдым. Несиеге берілген 8 млн теңге қаржыға қол жеткіздім. Бағдарламаның шарттары мен үшін өте тиімді. Пайыздық мөлшерлемесі төмен.

Бұл қаражатты Зафар Мұзаффаров 47  сиыр алуға жұмсапты. Етті бағыттағы малды дамытуды көздеген кәсіпкер биыл герефорд тұқымды 2 бас сатып алған.

Зафар Мұзаффаров, «Зафар» ЖК директоры, Қызылжар ауданы:
 -Бүгінгі күні бізде 60-қа жуық аналық, шамамен 22 бас бұқа және 40-қа тарта төл бар. Алдағы уақытта малдың санын көбейтуді көздеп отырмын.

Кәсіпкер жем-шөп әзірлеуге кірісіпті. Мал азығын дайындау үшін техника да сатып алған. Талапты азамат көкөніс өсіруді де қолға алған екен. Биыл 50 га жерге картоп отырғызыпты. Жалпы Қызылжар ауданы бойынша шаруашылықтардың малдары 1721 бас ірі қарамен толығыпты. Әсіресе, симментал, герефорд тұқымды және қазақтың ақ бас сиырына деген сұраныс үлкен.

Сырғабек Байжанов, Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мал шаруашылығы секторының меңгерушісі:
-Аудан көлемінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша былтырғы 2011 жылмен салыстырғанда 2 еселенді деп айтуға болады. Бүгінгі күні 775 бас мал әкелініп, шаруа қожалықтары ет өндірумен шұғылданып жатыр.

Айдана Демесінова