Билік

Өңірімізге жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Түмен облысынан делегация келді

 

 

Қонақтарды әуежайда облыс әкімі Серік Біләлов қарсы алды. Меймандар түрлі сала бойынша біздің аймақпен меморандум жасасуды көздеп отыр. Сондықтан делегация құрамына медицина, білім беру, құрылыс, туризм және өзге де салалардың мамандары енген. Бір күн ішінде түмендіктер өз салалары бойынша бірқатар нысандарды аралап, тәжірибе алмаспақ.