Мәдениет

Петропавлда «Әдемі-айдың» филиалы ашылуы мүмкін

 

Биыл қыста жерлестеріміз мекеменің электрондық поштасына Солтүстік Қазақстан облысының тарихынан сыр шертетін сувенир жасауды сұрап хат жолдапты. Нұсқау ретінде суреттерді де жіберген. Компания шеберлері сыйкәделерді жасау үшін 6 айдай еңбектенген көрінеді. Бұл жұмыстар солтүстікқзақстандықтардың көңілінен шығатынына компания басшылығы үлкен үміт артып отыр.

Бахаргүл Төлеген,  «Әдемі-ай plus » компаниясының президенті:
-Қарасай батыр мен Арғынтай батырдың ескерткішін кішірейтіп, сувенир ретінде, тағы да қалам салғыш болса, сағаттармен болса деп айтқан болатын. Содан кейін біз  миниатюрасын жасап шығардық. Қызылжар өңірінің панорамасы ретінде жасап шығардық. Егер де кейін тапсырыстр болып жатса, басқа түрлерін де, Қызылжар өңірінің әр түрлі кәдесыйларын жасап шығара аламыз.


Айдана Демесінова