Спорт

Республикалық веложарыс

 

 

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген велошабандоздар Архангелька трассасында сап түзеді. Жерлесіміз Богдан Гапотченко бұл спорт түрімен 5 жыл айналысып келеді. Осы аралықта жеткен жетістектері де қуантарлық. Ол – бірнеше республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Велосипед жарысынан спорт шеберіне үміткер аталмыш сында намысты қолдан бермей, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысамыз дейді.

Богдан Гапотченко, велошабандоз, Петропавл қаласы: – Осы жарыста үздік үштік тұғырынан көріну. Алдағы уақытта Александр Винокуров сияқты, білікті спортшы атанып, “Тур-де-Франсқа” қатысқым келеді.

Виталий Зверев Павлодар қаласының намысын қорғауда. 15 жасар жеткіншек велосипед спортымен 5 жыл бұрын шұғылдана бастаған екен.

Виталий Зверев, велошабандоз, Павлодар қаласы:  

-Бұл спартакиадаға соңғы рет қатысуымыз, бұдан кейін жоғары топқа көшеміз. Сондықтан жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз.

Дүбірлі доданың жарыс жолына республикамыздың 6 қаласынан 36 спортшы шықты. Бүгін бірі берілген арақашықты бағындырып жатса, екіншілері арнайы құрылғыда жаттығуда.

Виктор Потапов, жарыстың бас төрешісі:

– Велошабандоздар Новокаменка селосынан Красный Октярбьге дейінгі арақашықты жүріп өтулері тиіс. Барлығы 25 км-ді бағындырулары керек. Бүгінгі жарысты мықтылар анықталатын болады. Барлық команданың дайындығы жоғары деңгейде.

Алда спортшылар үшін командалық жүріп өту сынағы тұр. Ал шілде айының 15-ші жұлдызы велошабандоздар жарыстың критериум түрі бойынша өзара мықтыларды анықтамақ.

Әсел Күшенғалиева