Бизнес және экономика

“Единство” өнім түрін көбейтуде

 

 

«Единство» ЖШС облысымызда тұрақты әрі белсенді дамып келетін кәсіпорындардың қатарында. 1999 жылдан бері отандық нарықта зор сұранысқа ие темір-бетон құрылыс материалдарын шығаруды елімізде бірінші болып қолға алған. Іргесі қаланған жылы 1 млн теңгенің өнімін шығарса,  бүгінде қуаттылғы 500 есеге артыпты. Бастапқы 10 темір-бетон бүйымдары 250 түрге жеткізілді. Жуырда серіктестік жарық бағаналарын құюды қолға алған.

 Марат Мергенов,  “Единство” ЖШС директоры:
-Бағаналар 10,5 м. Біз Қазақстанда 2-ші зауытпыз соны шығаратын. Биыл 500 бағана шығардық. Мүсірепов, тағы бірнеше көшеде қаламызға жарық беріп тұр.
 

Енді бір тың бастама канализациялық құдықтардың қақпағын әзірлеу ісі де алға басыпты. 65 пайызы қазақстандық мазмұнда жылдам әзірленетін өнімнің санымен қатар сапасына да баса назар аударылады. Нарықта өзіне ылайықты орынға мықтап орныққан зауыттықтар әзірге тек Ресеймен әріптестік орнатты. Кәсіпті дөңгелетіп, болашақта Қиыр шығыс пен Еуропа елдеріне шығу көзделген.

 Марат Мергенов, “Единство” ЖШС директоры:
– Германия, Турциядан жазып жігіттер сұрап жатыр біздің өнімдерімізді. Сұраныс болғасын мүмкін олармен бірге жұмыс істеп, түсіністік болатын шығар.

Соңғы жарты жылда ғана 100 млн теңгенің тапсырысы орындалды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті үш есеге арттыру көзделіп отыр. Серіктестік басшысы Марат Мергенов барлық ұсыныстарды қолдайтын жұмыс күші тапшы екенін тілге тиек етті. Бүгінде мұнда 85 жұмысшы еңбек етіп жатыр.

 Талғат Тұғымбаев, “Единство” ЖШС бригадирі:
– 9 жыл болды осында жұмысқа тұрғаныма. Қызметім өзіме ұнайды. Жалақы уақытында беріліп тұрады. Жаңа өнімдер шығаруды қолға алдық.

Кәсіпорын биылдан Қазақстанда бірінші болып теміржол саласына аса қажет бетон  шпал әзірлеуге кіріспек. Әзірге жаңашылдықты халықаралық сарапшылар сынап жатыр.

Жеңіс  Ермұқанов