Билік

Кәсіби кадрлар даярлау жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті

 

 

 

 Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға басымдық берді. Бұл маңызды саяси құжатта жастарды еңбекпен қамтуға да көп көңіл бөлініп отыр. Жиын барысында өңірге құрылысшылар аса қажет екені айтылды. Колледждердің материалдық-техникалық жағдайының әлсіздігі, оқытудың дуалды жүйесінің жоқтығы мен студенттердің еңбек етуге құлшыныс танытпауы өзекті проблема болып отыр. Осы орайда облыс әкімі Серік Біләлов жастарды жаппай жұмысқа тарту тәсілдерін қарастыру жөнінде басқарма басшыларына, қала және аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.  Бұл туралы толығырақ келесі бағдарламаларда әңгімеленеді.

 

Данаш Хамзина