ТЖ

Қараусыз қалған үй өртенді

 

 

«Егемен Қазақстан» көшесі, 14 мекен-жайда өрт шыққаны жайлы ақпарат құтқарушыларға 15:12-де келіп түскен. Өртенген үйді байқап қалғандардың бірі – Қайрат Жұмабаев. Үйдің терезелері жанып жатқанын көрген ол бірден өрт сөндіру бөліміне хабарласқан. Көршілердің сөзіне қарағанда, бұл үй соңғы төрт жылда бос тұрған.

 Қайрат Жұмабаев:
Білуімше, бұл үйдің иесі түрмеде отыр. Бір жарым сағат бұрын көрдік үйдің жанып жатқанын. Бірден өрт сөндіру бөліміне хабарластық. Желдің мына жақтан болғаны жақсы болды.  

Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтауға 6 минут өткен соң жеткен. Өкінішке қарай, тілсіз жаудың жалаңдаған тілі баспананы аз уақыттың ішінде күлге айналдырды. Отқа оранған аумақтың жалпы аумағы – 30 шаршы метр.

 Болат Жұмажанов, №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:
-Келген бетте бұл үй жанып жатты. Екі өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылды. Барлығы мұнда 3 машина мен 14 адам келді. Өрттің себептері мен шығындары анықталуда.

Жыл басынан бері №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мамандары 54  рет отпен күрескен.

Әспет Әбдірешова