Қоғам

Қала тазалығы үшін күрес


 

Жаз мезгілі басталғалы облыс орталығында кешенді 12  рейд өткізіліп, қаланы көріктендіру ережесін бұзу фактілері бойынша 138 әкімшілік хаттама толтырылған. Жаймашуақ күнде серуендеуге шыққан адамдар көп жағдайда маңайды былықтырып, шекілдеуік , шылым қалдықтарын тастап кетеді. Полицейлер күштері келгенше күрес жүргізіп жатыр. Қаланың тәртіп сақшылары бұл жұмыстарға жастар қолғабыс жасаса дейді.

 Әмір Қасейінов, Петропавл қалалық ІІБ бастығы:

-Алдын алу шаралары қыркүйектің біріне дейін жалғасады. Уақыт әлі бар. Бұған бір кісідей атсалысу керек, қаланы таза ұстау өз қолымызда.    

Келеңсіздіктерді болдырмауда студенттердің де қосқан үлесі зор. Алтынай Дүйсенбинова – Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті. Ол көшеде, қоғамдық орындарда тазалық сақтамайтын азаматтарға ескерту жасап жүретінін айтады.

 Алтынай Дүйсенбинова, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Біз өз жұмысымызды қоғам үшін өте пайдалы деп есептейміз, себебі бұл болашақта тәртіп бұзушылықтардың санын азайтуға үлкен септігін тигізеді. Біз өз қаламыздың патриоттарымыз, қаламыздың тазалығы үшін күресті өзіміздін азаматтық борышымыз деп санаймыз.

Әсел Күшенғалиева