Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мәжіліс депутаттарының жұмыс сапары


 

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы жұрттың қызығушылығын ерекше оятты. Өйткені, Президент халықтың көкейіндегі түйінді мәселелерді шешудің тиімді тетіктерін бағдарлап, белгілеп берді. Ендігі құжатта айқындалған міндеттердің қалай жүзеге асып жатқанын таразылап, салмақтайтын уақыт келді. Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары осы мақсатты көздеген. Халық қалаулылары мемлекет басшысының тапсырмалары біздің облыста сәтті іске асып жатқанын атап өтті.

Сергей Дьяченко, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары:
Солтүстік Қазақстан облысында Елбасы Жолдауында айқындалған барлық бағыттар бойынша ауқымды жұмыс қолға алынған. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үлкен көңіл бөлінген. Шағын және орта бизнес қарқынды түрде ілгерілеп келеді. Бұл көрсеткіш бойынша СҚО республикада бірінші орында. Әлеуметтік сала айырықша назарда. 5 мыңға жуық солтүстікқазақстандық жұмыспен қамтылған. 15 жарым мың жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылыпты.

Жолдау жүктеген міндеттердің нәтижелі болуы үшін заңнамалық базаның нық болғаны жөн. Бұл ретте үстіміздегі жылы жаңадан жасақталған көппартиялы Парламентке артылатын жүк те салмақты. Бүгінде алты заң жобасы күшіне енген. Қырыққа жуығы Мәжіліс қарауында жатыр. Сөйтіп, алдағы уақытта қыруар жұмыс күтіп тұр дейді депутаттар. Бұл орайда өңірлерге шығып, халықтың ой-пікірін білу маңызды.
Кездесуде солтүстікқазақстандықтар депутаттарға толғандырып жүрген сауалдарын қойды. “Ардагерлер туралы” заңның қашан қабылданатыны ерекше қызықтырды. ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Абай Тасболатов бұл мәселенің қарастырылып жатқанын, жыл аяғына дейін бір шешімнің болатынын жеткізді.

Айымгүл Әбілева