Мәдениет

Хэддэвэйдің Петропавлдағы концерті

 

 

Нестор Александр Хэддэвэйдің репертуарындағы әндерді талай ұрпақ тыңдап өскен. Сондықтан болар әр әннің әуені таныс. Әншінің музыкалық туындылары тыңдарманға жеткен бетте бірден хитке айналған.  Хэддэвэйдің концертіне Виталий Алфимов алғашқылардың бірі болып билет алуға асығыпты. Туған қаламда сүйікті орындаушымның ән шырқайтынын армандамаған да едім дейді ол.

 Виталий Алфимов:
– Мұндай концертке келу мен үшін үлкен қуаныш. Бала кезімнен Хэддэвэйдің әндерін сүйіп тыңдаймын. Өзімнің сезімімді айтып жеткізудің өзі қиын.

Концертке жиылған жұртшылықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Нестор Александрдың әр әнін солтүстікқазақстандықтар ерекше қошеметпен қарсы алды. 1 сағатқа жуық уақыт көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Хэддэвэйдің солтүстікқазақстандықтарға сыйлаған соңғы әні – «What is love» болды. Дәл осы синглымен 1993 жылы әншінің аты әлемге әйгілі болған еді. Ал концерт соңында солтүстікқазақстандықтарға  тосын сый жасалды. Нестор Александр Хэддэвэйдің 50 жанкүйері жұлдызбен естелік суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.

 Евгения Штанько, Елена Воробьёва:
– Біз 80-ші, 90-шы жылдардың әндерін сүйіп тыңдаймыз. Концертке келіп жас кезімізді еске алдық. Хэддэвэймен түскен фотомызды ғаламторға жібереміз.  

Бұдан соң әнші өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.

 Нестор Александр Хэддэвэй, әнші:
– Алдағы жоспарларым көп, әрине. Тамыз айының соңында жаңа әнім жарыққа шықпақ. Жұртшылықтың көңілінен шығады деген сенімдемін.

Инеш Шоқақова