Қоғам

“Денсаулық” фестивалі

 

 «Солтүстік жұлдызы» саябағындағы барлық алаңдарда түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Демалуға келгендер өз таңдауларымен  стритбол, футбол, волейбол, жүзуден өткен сайыстарға қатысты.  Владимир Булава  көптен бері волейболмен айналысады, сондықтан кәсіпқой спортшылардан кем ойнамайды. Бүгін ол досы  Константин Тарасенко  екеуі  21:17 есебімен жеңіске жетті.  Владимир  салауатты өмір салтын ұстанады, бүгін жағажайға келіншегі Наталья және бір жасар қызы Аннамен бірге дем алуға келіпті.

Владимир Булава:

Денің сау, сымбатты, бақытты болу үшін спортпен айналысу керек. Петропавлдықтарды мерекемен құттықтаймын. Спортпен шұғылданып, денсаулықтарыңыз мықты болсын.

Жаздың шуақты күні таза ауадағы  көңілді демалыс баршаның көңілінен шықты. Денсаулық фестиваліне қатысушылардың арасында ең белсенділері жастар болды.    

Владимир Витченко, «СҚО жастар мәслихпты» ҚБ төрағасы:
– Көңіл күйіміз жақсы. Ауа райы аздап құбылып тұрғанымен бөгет бола алмады.  

Фестивальді ұйымдастырушылар барлық жеңімпаздарға түрлі үстел ойындары, спорт жабдықтары сияқты сыйлықтар табыс етті.