Спорт

Евгений Эктов Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

 

 

Өңірімізге кезекті ірі жеңіспен оралған сайыпқыран жеңілатлетші Евгений Эктовты қарсы алушылардың қарасы қалың болды. Жерлестерінің үмітін ақтаған халықаралық дәрежедегі спорт шебері ұзындыққа секіруден Азияның майталман спортшыларының алдын орды.

 Эвгений Эктов, жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
– Мен 17 метр 22 сантиметрге  секіріп, өзімнің жеке рекордымды 15 см жақсарттым.
Әрине жарысқа шыққасын ұтудың қамын ойлайсың. Дәл осындай көрсеткішке қол жеткіземін деп ойламаппын да. Қарсыластың бәрі менің орнымда болу үшін келді. Сондықтан бәсекелестік өте күшті болды.  

11 жылдық тынымсыз жаттығуының жемісін көрген Евгений енді Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бірден бір қатысушысы атанды. Оның соңғы нәтижесі тіпті ғаламдық тартыстың үздік көрсеткішінен 2 см асып кетіпті.

Эвгений Эктов, жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
Олимпиада ойындарының жолдамасы қолымда. Ендігі мақсат бұл талпыныстарымның бекер болмағаннын дәлелдеу. Ол үшін Грекияда сапалы сайланып дайындалатын боламын. Бұл мімкіндікті қолдан жіберіп алмаудың бар амалдарын жасайтын боламын.  

Жаһандық ойындарда дәл осы сында өңіріміз үкілеген енді бір спортшы жолдама иегері атанды. Әнұранды әуелетіп, көк туымызды желбіретер Евгенийдің жан жары Ирина Эктова да барша қазақ елінің үмітін арқалап олимпиадаға баратын болады.

Жеңіс Ермұқанов