Қоғам

Астананың құрдасы



 

Астана күні Диана Исмағұлова үшін айтулы мереке. Себебі ол бұл күні екі бірдей мейрамды атап өтеді. Диана – күн санап көркейіп келе жатқан жас Астананың түйдей құрдасы.

Диана Исмағұлова:
– Мен Астананың құрдасы екендігімді мақтан тұтамын. Әсем де көрікті Елордамызды барша әлем біледі. Аз уақыт ішінде мемлекетіміздің астанасы құлпырып, жайнап келеді.

Осыдан 4 жыл бұрын Диана Елордаға алғаш рет барған екен. Зәулім ғимараттар мен әсем қаланың көркі көздің жауын алады дейді ол. Сондықтан Диана мектепті аяқтаған соң, өз оқуын Астана қаласында жалғастыруды мақсат етіп отыр. Ал қазір Елорда құрдасының бар назары – оқуда. Диана мектепішілік пәнаралық олимпиадаларда үздік атанған.

Диана Исмағұлова:
 Мен биология және орыс тілі пәндерін ерекше қызығушылықпен оқимын. Олимпиадаларда бағымды сынап көремін. Сонымен қатар бимен шұғылдануға да біраз уақытымды бөлемін.

Интернационал отбасында дүниеге келген Диана қазақ және орыс ұлтының мәдениеттерін бойына сіңірген. Ол өзгелерден дәл осы қарапайымдылығы және нәзіктігімен ерекшеленеді дейді ұстаздары. Өзінің туған күнін қалай атап өтетіндігін Диана алдын ала жоспарлап қойыпты. Ол дәл осы күні демалыс болатындығына қуанышты. Себебі оның туған күні барша қазақстандықтар үшін үлкен мейрам.

Инеш Шоқақова