Kurultai banner mobile

Бизнес және экономика

Астанада индустриалдық форум өтті

 

 

 

Бағдарламаны талқылауға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Елбасымен тікелей байланысқа әр өңірдің басшылары, солардың қатарында СҚО әкімі Серік Біләлов те шықты.  Онлайн-режимде ел өңірлерінде 6 жаңа нысан халық игілігіне тапсырылып, 4 жобаның құрылысына бастама берілді. Индустриаландыру картасы аясында республикада 2 жыл ішінде 1,8 триллион теңгені құрайтын 389 жоба жүзеге асырылған. Ал Солтүстік Қазақстан облысында 42 миллиард теңгені құрайтын 30 жоба жүзеге іске аспақ. Биылғы жылдың өзінде 7 миллиард теңгенің 6 жобасы іске қосылады. Форумда сандық телерадиотарату мәселесіне ерекше назар аударылды. «Otau-tv»-ге қажетті приставкалар жергілікті Киров зауытында жасалады. Бүгінде бұл жүйеде 150 мың абонент бар. Шалғайда орналасқан ауылдардың тұрғындары бұдан былай 5 арнаның орнына 30 республикалық каналды көре алады. Форум соңында Елбасы еліміз үшін маңызды бірқатар міндеттерді айқындады.

Әспет Әбдірешова