Құқық қорғау органдары

“Қауіпсіздік апталығының” қорытындысы



 

30 жастағы қала тұрғынын полицейлер Заречный кентіне кіре беріс жолда ұстады. Ер адам көлік ішінде сырт киімсіз отыр. Қайдан келе жатқанын өзі де білмейді. Соңынан анықтау барысында бұл азаматтың бірнеше ай бұрын көлік жүргізу куәлігінен айрылғаны белгілі болды. “Қауіпсіздік апталығы” операциясы барысында мас күйінде көлік жүргізген 105 адам тоқтатылды. Жол полицейлерінің мәлімдеуінше көбі өзен-көл жағасындағы демалыстан қайтарда сылқия тоя ішімдік ішіп алады екен. Сондай-ақ, рейд барысында жүргізуші куәлігі жоқ 33 азамат және жүргізу құқығынан айрылған 9 тұрғын ұсталды.
Облыстық жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді.

Данаш Хамзина