Балалар

«Жас ұланның» форумы өтеді



 

Шілденің алтысы «Жас ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрылғанына бір жыл толады. Бұл қозғалыстың мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең, өз Отанының патриоты болатын тұлғаны қалыптастыру. Бүгінгі күні «Жас ұлан» ұйымына 1920 солтүстікқазақстандық оқушы мүше.

Рүстем Есенбергенов, СҚО «Жас ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы:
Көптеген іс-шаралар өткіздік. Ардагерлер ұйымының мерейтойын өткізуге күш салдық. “Біз Қазақстанның жарқын болашағымыз” атты үлкен акцияға қатыстық. Алда үлкен жоспарлар бар.

Шілденің төрті мен сегізі аралығында жасұландықтардың «Ұлан елдің ұлымыз» алғашқы республикалық форумы өтпек. Жиынға біздің облыстан 15 адам қатысады. Өңіріміздің дарынды, белсенді оқушылары республиканың түкпір-түкпірінен келген қатарластарымен өз ойларымен бөлісіп, болашаққа жоспарларын сөз етпек.

Жанар Жақсыбаева, қазақ тірек орта мектеп-интернатының оқушысы, Шалақын ауданы:

-Форумнан күтерім көп. Білім министрімен кездесу өтеді. Басқа балалармен білімдерімізді ортаға салып, жаңа мағлұматтар аламыз.

Шерхан Молдабаев, № 5 орта мектебінің оқушысы, Тайынша ауданы:
-Дарынды, көптеген сайыстарға қатысқан балалар жиналады. Ойлары мол. Осындай достармен таныс болған жақсы.

Ұйымның бір жылдығына орай Астана күні өңіріміздің тағы екі мыңға жуық оқушысы “Жас ұлан” қатарына қабылданбақ.

 

Айымгүл Әбілева