Көлік салығын төлеу мерзімі аяқталып келеді

Салық басқармасы

13:25 2 Шілде 2012


Облыс бойынша 1 476 заңды тұлғаның меншігінде көлік бар. Олар үшін жыл сайын салық төленетіндігі белгілі. Биыл бұл мерзім шілденің 5-не белгіленген.

Лилия Әбілова, СҚО бойынша салық департаментінің бас маманы:
– Көлікті тіркеуден, техникалық тексеруден өткізу жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымдар  аталмыш салықты техникалық тексерістен өткен соң төлейтін болады.

Көлік салығын төлеу тәртібі бұрынғыдай. Заңды тұлғалар төлемді көліктің тіркелген жеріне тапсырады. Ал салықты мерзімінде өтемегендерге өсімпұл төлеуге тура келмек.

Лилия Әбілова, СҚО бойынша салық департаментінің бас маманы:
– ҚР Салық Кодексінің 610- бабына сәйкес мерзімінде төленбеген салық үшін өсімпұл «ҚР Ұлттық банкі» белгілеген мөлшерлеме бойынша есептелетін болады. Сондықтан заңды тұлғалардан салықты дер кезінде өтеуді сұраймыз.

Ал жеке тұлғалардың көлік салығын өтеуге асықпауларына болады. Олар үшін соңғы мерзім 31 желтоқсанға белгіленген.

Инеш Шоқақова

Бұдан әрі оқыңыз