Балалар

№ 5 кәсіптік лицейде 190 жас маманға диплом табыс етілді

 

 

Сәлден кейін бұл түлектер қолдарына дипломдарын алған жас маманға айналады. Олар үшін сынақтар мен емтихан алдындағы қобалжулардың бәрі артта қалды. Бесінші кәсіптік лицейде барлығы 7 мамандық бойынша кәсіп меңгеріледі. Биылғы жылы оқу орнын 190 түлек аяқтап отыр.

Алтынай Қожахметова, №5 кәсіптік лицейдің директоры:
Бүгін бізде өте салтанатты күн. Біздің түлектер кәсіптік лицейді аяқтағандығы жөнінде диплом алады. Биылғы жылы білім сапасын тексеретін сынақты өте сәтті тапсырды. Көптеген оқушылар орта есеппен алғанда 60 пайызы қала және облыс бойынша жұмысқа орналасты.

Оқу орнын бітірушілер мұнда 9-шы және 11-ші сыныптан кейін негізгі база бойынша дайындалған. Хатшы-референт, іс жүргізу және мұрағаттандыру, шаштараз, шаштараз-сәнгер, аспазшы, аспазшы-кондитер, даяшы кәсіптерін меңгергендер енді жұмысқа тартылмақ. Айгүл Жантаева да сәлден кейін қолына тиетін дипломын тағатсыздана күтіп отыр.

Айгүл Жантаева, №5 кәсіптік лицейдің түлегі:
Мен іс жүргізу мен мұрағаттану бойынша оқып шықтым. Өте қуаныштымын. Бүгін диплом алатын күніміз. Емтихандарды жақсы тапсырдық, беске.  

Түлектердің қуанышына ортақтасып ата-аналары да келіпті. Бұл құжат олардың нұрлы болашағына жол салады дейді ата-аналар.

Альфия Бомбко, ата-ана:
Бүгін менің қызым оқу бітіріп отыр. Енді ол шаштараз-сәнгер маманы болып шықты. Ол кішкене күнінен қуыршақтардың шашын қиятын. Сондықтан оның бұл қалауына таң қалған жоқпыз.

Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты.

Әспет Әбдірешова