Қоғам

Зағиптар қоғамының мерейтойы

Қазақ зағиптар қоғамының облыстық бөлімшесіне келушілер бір-біріне өзара қолдау көрсетіп жүреді. Бүгінде қоғамда көзі көрмейтін мүгедектер үшін арнайы мамандандырылған кітапхана мен клуб бар.

Галина Шахмантова, көздері нашар көретін және соқыр адамдарға арналған мамандандырылған кітапхана меңгерушісі:
– Кітапхана 750 адамға қызмет көрсетеді. Қорымызда 41 мыңға жуық кітап бар. Әдебиеттер әр түрлі бағытты қамтиды, негізінен басым көпшілігі көркем әдебиет. Қазір оқырмандар тарапынан психологиялық кітаптарға сұраныс көп.

Кітапханада оқырманға ұсынылатын әдебиеттің 4 түрі бар. Жалпақ әріптермен басылған, сөйлейтін, аудио-кітаптар мен рельефті-нүктелі тактильді шрифтпен жазылған кітаптар. Лидия Чумакованың зағиптар қоғамында еңбектеніп жүргеніне 25 жыл болыпты. Оның айтуына қарағанда мұнда келушілер әсіресе брайль үлгісімен жазылған әдебиетті қажет етеді екен.

Чумакова Лидия, аға кітапханашы:
– Бізде әдебиеттің Брайль және сөйлейтін түрлері беріледі. Бұл көзі көрмейтін адамдарға арналған. Бір адамға қызмет көрсету үшін 20 минут уақыт кетеді. Өйткені ол оқырманды орындыққа отырғызып, керек кітабын тауып беріп, шығарып салу да міндетті жұмыс.

Сауықтандыру орталығына келушілер өздерінің уақыттарын тиімді өткізеді. Рельефті-нүкте шрифті арқылы жазу мен саусақпен сезу арқылы оқуды осы жерде үйретеді. Сонымен қатар компьютер арқылы бағдарлауға машықтандыру жаттығулары жүргізіледі. Жылына мұнда 70-ке жуық адам келеді.

– Осы орталыққа келу арқылы менің бір нәрсені өзім жасауға деген құлшынысым оянды. Мен Брайль арқылы оқуды үйрендім. Бұрын тек қана аудио кассеталарды тыңдайтынмын, енді оларды өзім оқи аламын
– Мұнда келіп, оқып, жазуды үйрендік. Шамамыз келгенше қолымыздан дүниелер жасаймыз.

Бүгін облыстық зағип жандар қоғамының құрылғанына 75 жыл. Айтулы күнге орай қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, спортта, мәдени өмірде биіктерді бағындырған жандарға сыйлықтар табысталды. Олардың қатарында Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Шаншар Жекеев те бар. Бүгін оған Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің құрмет грамотасы табыс етілді.

Шаншар Жекеев, Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры:
– Мен оқу-өндірістік кәсіпорнында 1996 жылдан бері жұмыс істеймін. Бұл кәсіпорында 36 адам жұмыс істейді. Оның 80 пайыздан астамы көз мүгедектері. Қазіргі кезде біз оқу орындары, денсаулық сақтау бөлімдеріне және әскери орындарға төсек-орын тапсырысын орындаймыз.

Мүгедек болғанына қарамай, бұл адамдардың қоғам үшін жасап жүрген еңбектері аз емес. Сондықтан оларға әрқашан қолдау көрсетіп, өмірден өз орындарын табу үшін көмек қолын созу қайырымдылық белгісі.

Әспет Әбдірешова