Қоғам

Пошташыларға қызметтік көліктер тапсырылды

Пошта-ақпарат беру мен таратуды жүзеге асыра отырып қала мен ауыл, елдер мен халықтарды  байланыстырушы. Бүгін кәсіби мерекеге орай облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов “Қазпошта” АҚ қалалық және аудандық филиалдарына 9 темір тұлпардың кілтін табыстап, кәсіби мерекемен құттықтады. 2011 жылы “Қазпошта” АҚ облыстық филиалы  пошта байланысы, мерзімдік басылымдарға жазылу сынды халыққа қызмет көрсету бағытында жоспарды 113 пайызға орындапты. Сөйтіп, филиалдың қосымша кірісі 1 млн теңгеге жеткен. Бұл біз үшін үлкен жетістік дейді басшылар.

Сабырғазы Имашев, “Қазпочта” АҚ СҚОФ директоры:
– 2011 жылы көп жетістікке жеттік. Сол жетістігімізді бағалай отырып Әркен Арыстанов мырза бізге осындай керемет автокөліктерді сыйға тартты. 2012 жылы 4 айдың қорытындысын 96 пайызға орындап отырмыз.

Брондалған 2 темір тұлпар, «Газель», «Нива» және «УАЗ»  қалалық және аудандық пошта байланысы бөлімдерінің жұмысын жылдам орындауға үлкен көмек болары сөзсіз. Мәселен, «Қазпоштаның» М.Жұмабаев аудандық бөлімшесіндегі темір тұлпарлар ескіріп қалған екен. Күніне 1500 шақырым жерді олар тозығы жеткен автокөліктермен бағындырып жүріпті. Енді су жаңа темір тұлпармен ісіміз оңға басатын болды дейді.

Дүйсентай Омаров, М. Жұмабаев аудандық пошта байланысы торабының басшысы:
Бүгін бізге бір «УАЗ» автокөлігін табыстап отыр. Үлкен рақмет. Біздің қызметімізді енді тездете түспек.

“Қазпошта” АҚ СҚОФ өздерінің жұмысына алдағы уақытта бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Гүлбану Ахметова