Денсаулық сақтау

Астана – жаңа дәуір қаласы

 

 

Жарақаттанушылық қазіргі заманда ең маңызды медициналық-әлеуметтік проблемалардың бірі болып отыр. Қазақстанда ауру-сырқау, уақытша еңбекке қабілетсіздік және өлім-жітім құрылымында жарақаттанушылық екінші орында, ал мүгедектікке алғаш рет шығу бойынша үшінші орында тұр. Елімізде жыл сайын 600 мыңнан астам адам түрлі жарақаттар алады, оның ішінде 22%-ын – балалар, 78%-ын – жасөспірімдер мен ересектер құрайды. 2001 жылы бұл көрсеткішті жақсартып, аса ауыр науқастарды оңалтуға арналған “Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты” пайда болды. Құрамында травматологиялық-ортопедиялық бейіндегі 400 орындық 13 клиникалық бөлімше құрылған. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен түсетін науқастардың айығып кетуі12 дәрігер, 19 медицина ғылымдарының кандидаты мен 110 жоғары білікті дәрігердің жіті бақылауында.

Шалғынбай Баймағамбетов, ҚР травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары:
– Тірек-қимыл жүйелерінің сынықтарына бекіткіштермен рентген сәулелерін өзгертуші электронды оптикалық құрылғы арқылы остеосинтездейміз. Сколиоз, кеуде құрсауының, аяқ- қолдың туа және жүре пайда болған деформациясын хирургиялық тәсілмен түзейміз. Ірі буындарды емдеу, жақ-бет, бас миының зақымын, іріңді емдейміз. Қан тамырлары мен жүйке жүйесіндегі талшықтарды микрохирургиялық тәсілмен қалпына келтіреміз.  

Түрлі ортопедиялық жарақатты қалпына келтіретін оталар Шалғынбай Баймағамбетовтың қолымен жасалады. СҚО бас травматологы институт ашылған күннен директордың орынбасары қызметіне шақыртылған. Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санаттағы білікті дәрігердің денсаулық сақтау саласындағы еңбек өтілі 30 жыл.

Шалғынбай Баймағамбетов, ҚР травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары:
– 1981 жылы мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған соң еңбек жолым СҚО басталды. Онда 20 жыл бойы қызмет еттім. Елордаға ауысқалы 300-ге тарта басылым, монография мен оқу құралын, 11 әдістемелік ұсыным жарияладым.
25 авторлық куәлік, патент алдым. 1 медицина докторы мен 8 кандидаттық диссертация қорғалды.  

Жоғары деңгейдегі арнайы медициналық ем-дом жылына орта есеппен 10 мың қазақстандыққа жасалады екен. Хирургиялық пышаққа леккендердің барлығының отасы сәтті аяқталып жатыр. Алматы қаласының тұрғыны Күләш Әлімбетова Шалғынбай Әбжанұлының соңғы пациенттерінің бірі. 5 ай бұрын белі шойырылып қалған. Еш ем қонбағасын себебін анықтау үшін институттың мамандарына жүгінді. Олар сырқаттанушының омыртқасының сынғаннын анықтап операцияға жатқызды.

 Күләш Әлімбетова:

Ем жақсы қонды. Дәрігерлерге үлкен рахмет. Директордың орынбасары Баймағамбетов пен Мұхамеджанов операция істеді. Солардың арқасында аяғыма тұрдым.  

 Ұлттың саулығына қосқан үлесі үшін Шалғынбай Әбжанұлы “Жыл дәрігері” , “ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі” кеуде белгілерімен марапатталған.

Жеңіс Ермұқанов