Қоғам

Телефон байланысының ақысы төмендейді

 

 2005 жылға дейін үй телефонынан басқа қалаға қоңырау шалған кезде 1-ші секундттан бастап бірден 1 минуттың ақысын төлеу керек болатын. Бертін келе тариф  қадамы төмендетілді. Адамдар 11 секундқа 20 секундтың құнын төлеп жүрді. Енді шілденің 1-нен бастап тұрғындар үшін тариф тағы да жеңілдетілді.

Руслан Ахметов, “Қазақтелеком” АҚ коммерциялық директоры орынбасарының міндетін атқарушы:

– Бұл тұрғындар үшін тиімді болмақ. Адамдар көп сөйлеп, аз төлейді. Қалааралық байланыс 10 секундтан 1 секундқа дейін арзандады.

Арман Рамазановтың туған-туыстары мен жолдастары басқа қалаларда тұрады екен. Оларға телефон соғып, хал-жағдайларын сұрағанша бірлігім тез таусылып қалатын дейді. Арман бұл жаңалықты естіп қуанып қалды.

Арман Рамазанов:

– Мен үшін үлкен жеңілдік Бұрын 1-2 минут сөйлесіп, 10 минуттың құнын төлеуші едім, енді қанша уақыт сөйлесемін, сонша ғана ақысын өтеймін.

Сондай-ақ, бұл өзгеріс халықаралық байланысқа да қатысты. Шетелге телефон соғудың құны 30 секундтан 10 секундқа түсті.

Данаш Хамзина