Мүгедектерге әлеуметтік көмек

Денсаулық сақтау

14:15 27 Маусым 2012

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 29000 мүгедек адам бар. Мүмкіндігі шектелген жандарға көмек көрсету мақсатында арнайы құрылғылар мен аппараттар тегін беріледі. Оларды сатып алу үшін облыстық бюджеттен өткен жылы 140,5 млн теңге бөлінсе, биыл 153,7 млн қаржыға көмек көрсетілмек. Әсіресе ортопедиялық протез құралдармен жабдықтау жұмыстары кеңінен жүргізіледі.

Надежда Зеленская, СҚО бойынша халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектерді оңалту бөлімінің бастығы:
– Ағымдағы жылы 760 адамды ортопедиялық протез құрылғылармен жабдықтауды көздеп отырмыз. Бүгінгі таңда 197 адам өз денсаулықтарын «Сосновый бор» санаториялық емдеу мекемесінде сауықтырып қайтты.

Жалпы 2012 жылы 250 мүгедекті арбамен, мылқау жандарды 1095 сурдо-тифлотехникамен қамтамасыз ету жаспарланып отыр. Сауықтыру орындарына 582 азаматқа жолдама беру көзделген.

Надежда Зеленская, СҚО бойынша халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектерді оңалту бөлімінің бастығы:
Қазіргі таңда біз сурдо-тифлотехника сатып алдық. Оларды аудандарға бөлу жұмыстарын жүргізудеміз. Кейіннен арнайы белгіленген топтар жұмыс істеп, оларды тегін түрде мүгедектерге тарататын болады. Былтырғы жылы есту мүшесіне қажетті аппараттарды 20-ға арттырдық.

Қажетті құрал-жабдықтарды мүгедектерге тарату жұмыстары шілде-тамыз айларында ұйымдастырылмақ.

Әспет Әбдірешова

Бұдан әрі оқыңыз

Суицидтің алдын алу жайы талқыланды
Санитарлық авиацияның жұмысы
МӘМС жұмысы түсіндірілді
МӘМС жүйесінің жұмыс істеу механизмі түсіндірілді
Қарашаның 21-і – Халықаралық темекіден бас тарту күні
Енді қазақстандықтар дәріханалардағы препараттардың бағасын бақылай алады
МӘМС механизмі түсіндірілді
СҚО-да 2 мың әйел сүт безі обырына шалдыққан
Дәріханалардағы қымбатшылықты жою жайы талқыланды