Ауыл шаруашылығы

Элеваторлар жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындалуда

 

 

 

“Петропавл Астық”  қабылдау кешеніндегі жұмыстар 95 пайызға тындырылған. Техника жөнделген, қоймалар тазартылуда. Элеватордың жалпы сыйымдылығы 78 мың 200 тоннаны құрайды. Жыл басынан бері мұнда 109 мың тонна астық құйылса, соның 44 мыңы шығарылыпты.

Сергей Посполита, “ХПК Петропавл-Астық” ЖШС директоры:

Әзірге бізде 56 мың тонна астық жатыр. Маусым мен шілде айларында 17 мың тонна өнімді жөнелттік.

Облыста бүгінде барлығы 53 астық қабылдау кешені бар. Олардың жалпы сыйымдылығы 3 млн-нан асады. Облыстық аумақтық инспекция мамандарының айтуынша астық қоймалары былтырғы өнімнен  біртіндеп босатылуда.  Әлі 1 млн тоннадан астам өнім жатыр. Соңғы айда 220 мың тонна бидай сыртқа шығарылыпты. Астық қоймалары толығымен тамыз айының басында дайын болуы тиіс.

Марат Бекназаров, ҚҰ АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы бөлімінің бастығы:

– Облыс бойынша сағатына 16 мың тонна бидай тазалайтын 236 агрегат бар. Кептіретін құрылғының саны – 142 . Оның қуаттылығы сағатына 5 мың тонна.

Бүгінде өңірде 10 элеватор салынуда, 3-уі осы жылы іске қосылмақ.

Данаш Хамзина