Бизнес және экономика

Халықтық IPO бағдарламасы

 

 

  

Халықтық IPO бағдарламасы бойынша қазақстандықтарға ірі, тұрақты әрі болашақтағы әл-ауқаты күшті жетекші компаниялардың акциялары ұсынылмақ. Шамамен компаниялардың 5-15 пайыз құнды қағаздары сатылады деп жоспарланған. Қазірде бағдарламаға қатысатын кәсіпорындар анықталып, акциялардың болжамды бағасы белгіленіпті. Олардың құны халық үшін қолжетімді болады деп күтілуде.

Жомарт Қажырахымов, “ҚР Ұлттық банкі” АҚ СҚОФ директоры:
Алдын-ала деректер бойынша 1 акцияның құны 10 мыңнан 20 мыңға дейін болады деп ойлаймыз. Қарапайым халық, кәсіпкер емес, ақшасын жинаған тұрғындар көп қатысса дейміз. Әрине, баға өзгеруі мүмкін.

Қор биржасына келгенде  тәуекелдің болмауы мүмкін емес. Сондықтан мамандардың кеңесіне құлақ асқан жөн. Ең бастысы, құнды қағазды ақшаң болса ғана сатып алу керек. Мол табысқа кенелемін деп, қарызданып, шығындануды қажеті жоқ дейді Жомарт Қажырахымов.

Жомарт Қажырахымов, “ҚР Ұлттық банкі” АҚ СҚОФ директоры:
Акцияны қарызға алған ақшаға алуға болмайды. Екіншіден үй не болмаса үлкен мүлік алуға жинаған ақшаны ұстауға болмайды. Өйткені, акциядан пайда табуға болады, бірақ көп уақыт өткеннен кейін.

Еліміздің көшбасшы компанияларының акциялары күзде нарыққа шығарылады деп көзделуде. Солтүстікқазақстандықтар бағалы қағаздарды “Қазпочта” АҚ-ның өңірлік филиалы арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Жомарт Қажырахымов, “ҚР Ұлттық банкі” АҚ СҚОФ директоры:
Егер сіз акция сатып алатын болсаңыз, сізге ешкім оны қолыңызға ұстатпайды. Онымен брокерлік ұйымдар айналысады. Біздің облыста брокерлік компания жоқ. Сондықтан бұл жұмыспен “Қазпошта” айналысады.  

Айту керек, халықтық IPO бағдарламасы бойынша құнды қағаздарды иеленуге тек қана Қазақстан азаматтарының құқығы бар.

Айымгүл Әбілева