Құқық қорғау органдары

Бір мыңға жуық шөлмек трактор табанының астында жаншылды

 

 

 

Жиыны 59 жәшік коньяк өнімі біраздан соң жойылмақ. Сараптама жасау кезінде бұл спирттік ішімдіктердің қауіпсіздігі туралы құжаттары мен сертификаттарының заңға сәйкес еместігі анықталған. Сондықтан сот ішімдікті жою туралы шешім шығарған.

Қайрат Бапаев, СҚО сот актілерін орындау департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы:
– СҚО сот актілерін орындау департаменті контрафактілік өнімдерді жою үшін акция өткізіп жатыр.
Бүгін барлығы 938 шөлмек алкоголь өнімін жоямыз.

Бұл алкоголь өнімдері солтүстікқазақстандық кәсіпкерлерден тәркіленіпті. «Қазақстан» деген атпен шығарылған коньяк сәйкестендірілмеген есеп-бақылау маркасымен шығарылып келген. Бұл облыстық сот актілерін орындау департаментінің мамандары өткізген төртінші акция.

Әспет Әбдірешова