Қоғам

Көне ғимараттар қала тарихынан сыр шертеді



 

Петропавл қаласының тарихи тамыры тереңнен бастау алады. Шаһар – талай тарихи оқиғаның куәсі. Сондықтан оның қалыптасу кезеңі де қызықты әрі күрделі дейді тарихшылар.

Қайролла Мұқанов, “Асыл мұра” орталығының ғылыми қызметкері, өлкетанушы:

Қала туралы әр жерде әр түрлі айтылады. 1804 жылы қала аталды дейді, 1807 жылы қала болды дейді біреулер, енді біреулер 1822 жылға дейін мұнда қала болған жоқ деп айтады.

Өңір өлкетанушылары мен тарихшылары жиын барысында қаланың тарихына көп тоқталды, соның ішінде шаһардың дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегі ерекше атап өтілді.

Юлия Пискунова, С. Мұқанов атындағы ОӘҒК бөлімінің меңгерушісі:

-1873 жылы Петропавлдың басшысы қызметіне Кабанов Петр Андреевич деген дәрігер тағайындалады. Ол қаланың дамуына, әсіресе мәдениетке аса мән берді. Бірінші қоғамдық кітапхана 1880 жылы ашылып, драма театры да сол кезде құрылды.

Тарихшылардың айтуынша, қазір көне ғимараттардың көбі сақталмапты, бары қайта қалпына келтірілген.

Қайролла Мұқанов, “Асыл мұра” орталығының ғылыми қызметкері, өлкетанушы:

 – Юзифевич деген саудагердің үйінде қазір мәдени мұражай ашылған. Ал, пошта тұрған 2 қабатты ғимарат бір кезде Овсянников деген саудагердің 3 қабатты үйі болған. Революциядан кейін өртеніп кеткен соң орнына жаңадан салынды.

Қаладағы су тарату мұнарасына биыл 110 жыл толмақ. Ал  Абылай ханның ақ үйі – ең көне ескерткіштердің бірі. Ғимарат 1829 жылы бой көтерген. 19-шы ғасырда салынған  екі қабатты көпес үйінде қазір облыстық тарихи-өлкетану мұражайы орналасқан. Нысан тарих және сәулет ескерткіші болып саналатындықтан мемлекет қорғауында. Бүгінде Петропалда заңмен қорғалатын 103 нысан бар, соның 66-сы монумент.

Данаш Хамзина