Энергетика

Өңір энергетиктері қысқа дайындалуда

 

 

 

Раушан Кшухова бастаған бригада құбырларды қаптаумен айналысады. Қазір 5 адам жұмысқа қызу кіріскен жылу таратқыш нысан төселгелі 30 жыл бойы жөндеу көрмепті. Заманауи пенополиуритан орама әбден тозған ескі желінің шіруін тоқтатып, жылудың шығынын әлдеқайда төмендетеді екен.

 Раушан Қшухова, “Петропавл жылу желілері” ЖШС серіктестігінің бригадирі:
– Бұл материалмен жұмыс жасау өте ыңғайлы. Аса иілгіш, кез-келген құбырдың пішініне оңай төселіп жатыр. Тек шұғыл бұрылыстарда ғана қиып келтіреміз. Құбыр ауыстырылса да қайта оралғаннан кейін іске жарай береді.  

Қауырт маусымға дейін оқшаулауды аса қажет ететін 3 мың шақырымдық құбыр дәл осылай қапталатын болады. Кәсіпорынның қарауында 230 шақырымнан астам желінің 83 км магистралді, өзгесі жылу таратқыш . Оның 70-ң қызмет уақыты өтіп кетіпті. Энергетиктер биыл 13 шақырымын жаңасына алмастырды көздеп отыр. Бүгінде бұл жұмыстың жартысы тындырылған.

Андрей Калиничев,  “Петропавл жылу желілері” ЖШС директоры:
– Жаңа құбырлардың қорғаныш қабаты бар. Бұлар кемінде 35 жыл қызмет етуге жарайды. Диаметрі де ескісінен 200 мм артық. Есесіне қуаттылығы да біршама жоғарылайды. Сонымен қатар бұл желілер автоматты басқарылады. Ақау шыққан жері бірден анықталып, әп-сәтте жамалады.  

Қаламыздың орталық аудандарын ыстық сумен қамтитын жер асты құбыры сағатына 4 мың тонна су жіберуге қауқарлы. Қыстың қамын жаз ойлайтын энергетикиер қауырт маусымда мәселе туындамас үшін нысанды күрделі жөндеу жоспарына еңгізіпті. Жалпы бұл жұмыстарға 804 млн теңге жұмсалмақ. Қаржының 235 млны инвстициялық бағдарлама аясында бөлінген. Басты мақсат кәсіпорынның өнімін үнемдеп, халыққа үздіксіз қызмет ету. Бұл бағытта тұтынушылар тарапынан тек 21 пайызы ғана есептегіш құралдарын орнатыпты. Өзгелері алдағы жылыту маусымынан қалта қағарлық тариф бойынша төлеуге мәжбүр болмақ.

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО департаментінің директоры:
– Қалада 1036 көпқабатты үй бар. Оның тек 234 ғана жылу есептегіш құралын орнатқан. Бұндай жабдықтары жоқтар 20 пайызға артық төлейді. Сондықтан орнату керек. Өте пайдалы жұмыс.  

Екі жақты бұндай кешенді шаралар энергия үнемдеуді 3 есеге арттырып, жалпы шығынды 40 пайыздан 27-ге дейін төмендетуге мүмкіндік туғызып отыр.

Жеңіс Ермұқанов