Қоғам

Мемлекеттік тілден сынақ өтуде

 

 

 

Оның 30-ы бойынша сынаққа келгендер сауалды тыңдап, дұрыс жауабын арнайы параққа белгілейді. 40 сұрақ бойынша мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасын білуі анықталды. Сондай-ақ мәтінмен жұмыс жасау барысында емтихан тапсырушылар 30 сауалға жауап берді. Мемлекеттік қызметкерлер 2 топқа бөлініп сыннан өтті. Біреулері қазақ тілін жетік білетіндігін, ал екіншілері бастауыш деңгейде меңгергендігін дәлелдеді. Сыннан сүрінбей өткендер арнайы сертификаттарға ие болды. Барлық аудандардың мемлекеттік қызметкерлерінің тілді білу деңгейі сараланды. Ал бүгін облыстық мекемелердің басшылары мен олардың орынбасарларының білімдері таразыланды. Сынақ басталмас бұрын облыс әкімі Серік Біләлов емтихан тапсырушыларға сәттілік тіледі.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
-ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  жыл сайынғы Жолдауында мемлекеттік тіл мәселесіне ерекше назар аударады. Елбасы 2020 жылға дейін мемлекеттік тілді білетін халықтың санын 95 пайызға жеткізуді талап етіп отыр. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді білу – басты міндет. Президенттің осы талабын орындау мақсатында біздің облысымызда бірталай жұмыстар атқарылуда. 2009 жылдан бері өңірде «Қазтест» негізінде білім деңгейін бақылау жұмысы жүргізіліп келеді.

Айдана Демесінова